Басқы бет → БАҚ біз туралы → ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖҰРЫНОВ МҰРАТ «ҚАЗЖОЛҒЗИ» АҚ ҒАЛЫМ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ҚР ҰЛТТЫҚ ҒЫЛЫМ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ЖҰРЫНОВ МҰРАТ «ҚАЗЖОЛҒЗИ» АҚ ҒАЛЫМ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

26 маусым 2019

Бүгін Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институтына химия ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА академигі, Халықаралық жоғарғы мектеп академигі, Халықаралық инженерлік академияның академигі, ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Жұрынов Мұрат Жұрынұлы келді.

Кездесу  барысында Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті «ҚазжолҒЗИ» АҚ  материалдық-техникалық базасымен, атап айтқанда; заманауи және озық жабдықпен жабдықталған тұрақты сынақ зертханаларымен, ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрастырмалық жұмыстарды жүргізуге мүмкіндік беретін, ресурстарды үнемдейтін технологиялық шешімдерді әзірлеу және жаңа жолдарды салу, реконструкциялау, жолдарды жөндеу және күтіп ұстауға арналған жол-құрылыс материалдарының түрлерімен, сондай-ақ диагностика және төлқұжаттауға арналған жылжымалы жол зертханаларымен толық танысып шықты.

Мұрат Жұрынұлы институт  мамандарымен әңгімелесіп, олар өздері құрастырған жол саласында ғана емес, басқа да зерттеулерде көптеген сынақтар жасауға мүмкіндік беретін жаңа құрылғылар мен қондырғыларды  көрсетті.

Соңынан институттың белсенді қызметкерлерімен болған кездесуде ұжым басшысы Бағдат Телтев институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыттары туралы таныстырып өтіп,  жаңа жобалар мен жоспарланған жұмыстар туралы баяндады.

Институттың ғылыми қызметкері Айсұлтан Қалыбай инновация және нанотехнология саласында жаңа бірлескен жобалар туралы тәжрибесімен және өзара ынтымақтастық бойынша  жоспарларымен бөлісті.
Кездесу соңында ҚР Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрынұлы  «ҚазжолҒЗИ» АҚ заманауи құрал-жабдықтарына жоғары баға бере отырып, жол ғылымының  жоғары кәсіби деңгейін атап өтіп,  өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға ниет білдірді.

 

 


Біздің серіктестер