Басқы бет → БАҚ біз туралы → АСФАЛЬТБЕТОН ЖАБЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН НЫҒАЙТУ ЭМУЛЬСИЯСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТКІЗІЛДІ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

АСФАЛЬТБЕТОН ЖАБЫНДАРЫНА АРНАЛҒАН НЫҒАЙТУ ЭМУЛЬСИЯСЫНЫҢ ТАНЫСТЫРЫЛЫМЫ ӨТКІЗІЛДІ

2 шілде 2019

2019 жылдың 2-ші шілдесінде «ҚазжолҒЗИ» АҚ – на жұмыс сапарымен: «CNRG Technologies Ltd» компаниясының өкілі Кристофер Вайтман, «Батт» ірі инвестициялық қаржы-өнеркәсіптік холдингінің құрылтайшыларының бірі Тимур Қуанышев, «Батыс Транзит» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Рахимов Ринар, инвестициялық банкинг бөлімінің бастығы Салихов Талгат, Қуанышеваның көмекшісі Жампейісов Аслан келді.

Кездесу барысында Кристофер Вайтман институт мамандарына CNRG Technologies Ltd. компаниясы патенттеген гилсонит (табиғи асфальт), битум және пластификаторлар мен сұйылтқыштары бар жоғары технологиялы өнім болып табылатын асфальтбетон жабындары Durophalt® -қа арналған  нығайту эмульсиясының таныстырылымын өткізді.

Тұсаукесердің авторы ретінде Кристофер Уайтман  Durophalt® өнімдері бірнеше ондаған жылдар бойы АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Қытай сияқты көптеген елдерде қолданылып келе жатқандығын атап өтті. Компания өкілдерінің айтуынша, бұл өнім асфальт және қиыршық тас төсемелерінің қызмет мерзімін едәуір ұзарта алады және кез келген типтегі жол жабындыларына кеңінен қолдануға болады.
Кездесу белсенді  талқылау түрінде өтті. Қонақтар институттың зертханалық базасымен, сондай-ақ институттың ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуде қолданылатын құрал-жабдықтарымен танысты.

  


Біздің серіктестер