Басқы бет → БАҚ біз туралы → ЖОЛ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

ЖОЛ ЖАҒДАЙЛАРЫ ЖӘНЕ ҚОЗҒАЛЫС ҚАУІПСІЗДІГІ

5 сәуір 2019

2019 жылғы 03-05 сәуір аралығында «ҚазжолҒЗИ» АҚ «Жол жағдайлары және қозғалыс қауіпсіздігі» тақырыбы бойынша біліктілік арттыру курсы өткізілуде.

Оқыту бағдарламасы автомобиль жолдарының жол жағдайлары мен көліктік-пайдалану күйін ескере отырып, апатты-қауіпті жерлерді талдауды, сондай-ақ жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігін Қазақстан Республикасының автожол саласының нормативтік-техникалық құжаттамаларына сәйкес бағалау әдістемесімен бірге автомобиль жолдарын пайдалану саласындағы заманауи жетістіктерді оқытуды қамтиды.

Аталған курс шеңберінде келесі тақырыптар қарастырылады: 

• Автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігінің рөлі;
• ЖКО есепке алу және талдау. Жол жағдайларының қозғалыс қауіпсіздігіне ықпалы;
• Жол жамылғыларының ілінісу сапаларын бағалау;
• Жалпы пайдаланымдағы жолдардағы қозғалыс қарқындылығын есепке алу және талдау;
• Автомомбиль жолдарындағы деформациялар мен бұзылулар.
• Жалпы пайдаланымдағы жолдардағы апатты-қауіпті жерлерді анықтау әдістері;
• Қыс мезгіліндегі тайғанақ кезіндегі қозғалыс қауіпсіздігі;
• Автомобиль жолдарын зерттеуді ұйымдастыру;
• Автомобиль жолдарының инженерлік жайластырылуын бағалау;
• Автомобиль жолдарын пайдалану кезіндегі табиғатты қорғау шаралары;
• Жол зертханасының жол-құрылыс және жөндеу жұмыстары сапасын арттырудағы рөлі.

Курс қатысушыларына көпатқарымды жылжымалы зертхананың көмегімен автомобиль жолдарын диагностикалау және паспорттау әдістері көрсетілді. Сондай-ақ, олар жол-құрылыс материалдарын сынауға арналған жаңа жабдықтармен танысты.


Біздің серіктестер