Басқы бет → Ынтымақтастық → Ғылымның өндіріспен байланысы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Ғылымның өндіріспен байланысы

Институт қызметінің барлық түрлері бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитетімен, «ҚазАвтоЖол» ҰК, «Қазақавтодор» РМК және оның облыстық филиалдарымен, «Облжолзертханасы» РМК-мен тығыз байланыста. Институт мамандары жолдарды пайдалануға қабылдайтын жұмыс және мемлекеттік комиссиялардың жұмысына тартылады.
 
Битумдар сапасына институттың бақылау жүргізуіне байланысты қазақстандық битум өндірушілермен – «Павлодар» МХЗ, Алматылық «Асфальтобетон 1» ЖШС, Қызылордалық «УАД» ЖШС-мен іскерлік байланыс жасайды.
 
Жаңа құрамдағы асфальтбетон қоспаларының тәжірибелік партияларын Алматы қ. «Асфальтобетон 1» ЖШС, Астана қ. «Астана – Дорстрой НС» ЖШС, «ДС Нойбург» ЖШС т.б. институт пен зауыт мамандарының бірге бақылауымен шығарады. «Қалажолжөндеуқұрылыс» ЖШС, «Алонс» ӨҚФ ЖШС инженерлік-техникалық жұмыскерлерімен және механизаторларымен және «Mitsubishi Corporation», «Shell Canada Limited», «Эвоник Химия» ЖШҚ, US Road Technologies LLC және басқа шетелдік компаниялармен ынтымақтастықта көптеген тәжірибелік бөліктер салынды.
 
«ҚазБитумСервис» ЖШС өндірістік базасында Павлодар қ. институт мамандарының ғылыми-техникалық сүйемелдеуі барысында Элвалой полимерін қолдану арқылы полимер-битумдық тұтқыр қондырғысы пайдалануға берілді, Қарағанда қ. «ПО Қарқұрылысиндустрия» ЖШС резеңке-битумдық тұтқырды (РБВ) әзірлеуге арналған қондырғы жіберілді.
 
Институт жеткізушіні таңдауда Қазақстанның мердігер ұйымдарға көмек көрсету үшін Қазақстан нарығына Франция, Британия т.б. жеткізушілері тарапынан ұсынылатын геосинтетикалық материалдардың кіруін бақылауда қомақты жұмыстар атқаруда.
 
Біліктілікті арттыруда Орталығында институт мамандары жаңа материалдар, құрылымдар мен технологиялар бойынша кеңес беру қызметтерін, оқу семинарларын өткізеді. 2014-2016 жылдар аралығында «ҚазжолҒЗИ» АҚ энергия шығынын 20-25 % дейін төмендететін жылы асфальтбетон мен жамылғының ілінісу сапасын жақсартатын тозықтың жұқа қабаты «Микросюфейсинг», «жасартатын» сіңіргіштік құрамдар, асфальтбетон мен цементбетон жамылғыларының гидрооқшаулары ұсынылды.
 
Институт мамандары Алматы, Щучинск, Жаңаөзен, Құлан, Шымкент қалаларының өндірістік базаларында автомобиль жолдарындағы көпір құрылыстарын басқару жүйесі бойынша, автомобиль жолдары мен цементбетонды жамылғыдан тұратын жолдардың құрылысы мен пайдалануында тәжирібе алмасу және жаңа технологиялар бойынша жүйелі түрде жылжымала семинарлар жүргізеді және тәжірибе алмасу үшін жақын және алыс шетелдерге шығады.
 

Біздің серіктестер