Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Мамандар

Бүгін ҚазжолҒЗИ-да инженерлік сала міндеттерінің кең спектрін жоғары деңгейде шешуге мүмкіндік беретін жоғары білікті мамандардың негізгі әлеуеті шоғырланған.
 
Қазіргі таңда институтта тұрақты түрде 145 адам жұмыс істейді, оның ішінде:
 
  • 98 қызметкер бас институтта (Алматы қ.),
  • 47 қызметкер филиалда (Астана қ.).
 
Институтта 3 техника ғылымдарының докторы, 7 техника ғылымдарының кандидаты, 1 көлік докторы, 1 PhD докторы жұмыс істейді.
 
Институт мамандары негізгі төмендегідей қызмет бағыттары бойынша жұмыстар атқаруда үлкен тәжірибеге ие:
 
  • ғылыми-зерттеу жұмыстарын атқару және жол саласының стандарттарын әзірлеу,
  • жолдар мен көпірлерді жиагностикалау және паспорттау,
  • автомобиль жолдары мен көпірлерді салуда, жөндеуде және сүтуде сапаны бақылау.
 
Институт қызметкерлерінің кәсіби дайындық деңгейін арттыруға ерекше көңіл бөледі.
 
Институт мамандары «КазИнСт» РМК, «Қазақстан сапа ұйымы» ЖШС, «Ұлттық аккредитациялау орталығы» ЖШС, «Миаком» компаниялар тобы, «ҚазҚСҒЗИ» РМК, «ХҚЭДО – Қазақстан» ЖШС тарапынан автомобиль жолдарын жобалау, салу, жөндеу және күту мәселелері бойынша ұйымдастырылатын оқыту семинарларына қатысады, ТМД және алыс шетелдердің жол ұйымдарында өткізілетін тәжірибелік тренингктерге белсенді қатысады.
 
Институт мамандарының біліктілігін арттыру мақсатында Нанкин университеті мен Цзянсу көлік ғылыми-зерттеу бірлестігінің (Jiansu Transportation Institute Group) жанындағы Ұлттық жол зертханасында (Қытай Халық Республикасы), Калабрия қаласының Университетінде (Италия) шетелдік тағлымдамадан өту ұйымдастырылған.
 
Білікті маман – институт өркендеуінің кепілі.
 
Институт қызметкерлері жоғары өкіметтік және ведомствалық марапаттарға – «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медаліне, «Құрметті жолшы» атағына, «Астана-Щучинск» автомобиль жолы құрылысына қатысушы» сертификатына, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» құрылысына қатусышысы» естелік медаліне, «ТМД-ның құрметті жолшысы» атағына, «ҚазжолҒЗИ» АҚ 
55-жылдық мерейтойы» медаліне, Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму Министрінің мен Автомобиль жолдары комитеті Төрағасының Құрмет грамоталары және Алғыс хаттарына ие.

Біздің серіктестер