Басқы бет → Институт туралы → Оқу орталығы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Оқу орталығы

«ҚазжолҒЗИ» АҚ жанындағы Оқу орталығындағы жол саласы қызметкерлерін қайта даярлау және біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру бойынша ақпарат

Кадрларды дайындауға қатысты 2006-2012 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының жол саласын дамыту Бағдарламасын орындау мақсатында, көлік инфрақұрылымын дамыту Комитеті, «ҚазжолҒЗИ» АҚ мен мердігер ұйымдар басшыларымен кадрларды қайта даярлау және біліктілігін арттыруда бірге қызмет ету үшін Келісім жасалынды. ИҚДК Төрағасының орынбасары С.А.Кондрашкиннің төрағалық етуімен Алматы қаласында 2006 жылдың 14 сәуірінде Хаттамалық Кеңес өтті.

Көрсетілген Келісім негізінде және Хаттамалық Кеңестің 2 тармағына сәйкес, «ҚазжолҒЗИ» АҚ Қазақстанның (Оңтүстік өңірлері) жол саласына арналған Оқу орталығы ашылды.

Оқу орталығын ашудың мақсаты - Қазақстан Республикасы жол саласының мамандарын қайта даярлау және мамандар біліктілігін арттыру курстарын ұйымдастыру болды.

 

Ескерту:
1. Келісім жасау үшін Сіздерден 8 (727) 246-33-67, 243-33-75 телефон/факске «ҚазжолҒЗИ» АҚ президентінің (Телтаев Б.Б., т.ғ.д., профессор) атына курс, оқыту тақырыбы, оқуға қатысушылар саны, пошта және банк реквизиттері, мекеменің тіркелгені туралы куәліктің нөмірі, басшының аты-жөні, электронды мекен-жай көрсетілген өтінім-хат жіберулеріңізді сұраймыз.

2. Топтар  жинақтақталғаннан кейін курстың басталу мерзімі туралы ақпарат қосымша хабарланатын болады.

Біздің серіктестер