Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Президент

«ҚазжолҒЗИ» АҚ Президенті
ТЕЛТАЕВ БАҒДАТ БҰРХАНБАЙҰЛЫ

Бағдат Телтаев 1966 жылы 23 наурызда Жамбыл облысы Мерке ауданы Жауғаш батыр ауылында дүниеге келген. 1983 жылы Жамбыл облысы Шу ауданы «Алға» кеңшарында Амангелді атындағы орта мектепті үздік  бітірді. 1991 жылы Алматы автомобиль-жол институтының жол факультетін үздік бітіріп, «Автомобиль жолдары» мамандығы бойынша инженер-құрылысшы дәрежесін алды.

1991-1996 жылдары Алматы автомобиль-жол институты «Жолдарды жобалау» кафедрасының машықтанушы оқытушысы, ассистенті, аға оқытушысы, 1996-1999 жылдары М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясы «Автомобиль жолдары»  кафедрасының  аға оқытушысы, доценті, профессоры, 1999-2006 жылдары «Автомобиль жолдары»  және  «Көлік құрылыстарын салу»  кафедраларының меңгерушісі болып қызмет атқарды.

2006 жылдың қаңтар айынан бастап ол – «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» акционерлік қоғамының президенті.

Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының  Механика және машинатану институтында 1994 жылы аспирантура бітіріп, кандидаттық диссертация, ал 1998 жылы докторантураны бітіріп, докторлық диссертация қорғады.

Ол әлемнің көптеген елдерінде жарық көрген 620 еңбектің, оның ішінде 7 ғылыми монографияның, 10 оқу құралының, 5 терминалогиялық сөздіктің және 18 патенттің авторы.

Бұларға қосымша оның тікелей басшылығымен 13 монография мен оқу құралы жарық көрді.

Б.Телтаев «Асфальтбетон жол жамылғысында төменгі температурада жарықшақ пайда болуының өздігінен ұйымдасу заңдылығы» атты ғылыми жаңалықтың авторы.

Б.Телтаевтың ғылыми жетекшілік етуімен 5 докторлық және 28 кандидаттық диссертация қорғалды.

Бағдат Телтаев  - Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық Инженерлік академиясының,  Халықаралық көлік академиясының және А.Эйнштейн атындағы Халықаралық энергетика академиясының академигі,  Халықаралық топырақтар механикасы және геотехника құрылысы қауымдастығының, Қазақстан  геотехника қауымдастығының және Америка асфальтбетон технологшылары  қауымдастығының мүшесі. Қазақстан жазушылар одағының және Қазақстан журналисттер одағының мүшесі. 1997 жылы «Өлеңбаян» атты жыр жинағы жарық көрді.

Ол – Қазақстан Республикасының және ТМД елдерінің құрметті жолшысы. Ғылым және техника саласы бойынша Қазақстан Жастар Одағы сыйлығының иегері.

Бағдат Телтаев туралы өмірдерек  елімізде жол ғылымы мектебін құрушы ғалым ретінде «Қазақстан»  Ұлттық энциклопедиясына енгізілген (8 том).

Ол «Қазақстанның тәуелсіздігін 20 жыл», «Қазақстан темір жолына 100 жыл» мерекелік  медальдарымен, Ы.Алтынсарин медалімен, академик Шмид Айталиев атындағы халықаралық алтын медальмен, И.А.Лихачев, Л.Б.Гончаров медалімен және бірқатар минстрліктер, ведомстволар мен қоғамдық ұйымдардың құрмет грамоталарымен марапатталған. 

Біздің серіктестер