Басқы бет → Институт туралы

Жаңалықтар

барлық жаңалықтар

Институт туралы

Қазақ жол ғылыми-зерттеу институты (ҚазжолҒЗИ) 1959 жылы Қазақстанның аймақтық табиғи-ауа райы шарттарында автомобиль жолдарын жобалау, салу және пайдалану мәселелерін шешу үшін Жалпы одақтық жол ғылыми-зерттеу институтының – ОдақжолҒЗИ филиалы ретінде құрылды. 1993 жылы ОдақжолҒЗИ филиалы «ҚазжолҒЗИ» АҚ ретінде қайта құрылды.
 
Институт ғылыми және ғылыми-техникалық жұмыстармен айналысу үшін Ғылым және білім Министрлігі тарапынан аккредитацияланған.
 
Сынақ зертханасы техникалық құзыреттілікке Мемстандартпен аккредитацияланған. Институт сапа менеджменті сәйкестігінің сертификатына ие.
 
Институт базасында Стандарттау жөніндегі Техникалық Комитеті ТК-42 «Автомобиль жолдары» құрылып, жұмыс атқаруда.
 
Институттың жетекші мамандары Ғылыми-Сараптау кеңесі мен Өкімет аралық жол жасаушылар кеңесінің жұмысшы топтарының мүшелері болып табылады.
 
2006 жылы институт Дүниежүзілік жол қауымдастығының (PIARC), 2011 жылдан Қазақстан автожолшылар Қауымдастығының, ал 2012 жылы – геотехникалық құрылыс және жер қыртысының механикасы жөніндегі Халықаралық Қоғамның (ISSMGE) қауымдасқан мүшесі болды.
 
2007 және 2010 жылдар қорытындылары бойынша Қазақстанның автожол жасаушылар қауымдастығы институтқа автомобиль жолдарын жобалау және салу саласындағы ең үздік ғылыми-техникалық жұмыстары үшін жүлделі орындар берді.
 
2008 жылы «ҚазжолҒЗИ» АҚ «Көлік ғылымының көшбасшысы» номинациясы бойынша бірінші Ұлттық көлік сыйлығы - «Алтын Тұлпар» және Еуропа бизнес ассамблеясының «Еуропа сапасының көшбасшысы» сыйлығы берілді.
 
Соңғы үш жыл (2014-2016 жж.) қатарынан институт «Сала көшбасшысы» Ұлттық Сертификаты мен Алтын медалін иеленіп келеді.
 
2016 жылы Ресей жаратылыстану ғылымдар академиясы (РЖҒА) және ғылыми жаңалық ашу мен өнертабыстар авторларының Халықаралық академиясы институтымызда ашылған «Төменгі температуралы жарықшақтану кезінде асфальтбетонды жол төсемінің өзін-өзі құру заңдылығы» атты ғылыми жаңалықты мойындап, «Қазақстан жол ғылыми-зерттеу институты» АҚ президенті, техника ғылымының докторы, профессор, Ұлттық ғылым академиясының құрметті мүшесі, Қазақстан Республикасы Ұлттық инженерлер академиясының және Халықаралық көлік академиясның академигі, ТМД және Қазақстанның құрметті жолшысы, ғылыми жаңалықтың авторы – Телтаев Бағдат Бұрханбайұлына № 495 дипломын табыс етті. Институтқа да сәйкес күәлік берілді.
 
Ресей жаратылыстану ғылымдары академиясы (РЖҒА) Төралқасының шешімі бойынша Бағдат Телтаев көрнекті орыс физигі, Нобель сыйлығының лауреаты Петр Капица атындағы «Алтын» медальмен марапатталды.

Біздің серіктестер